Махаббат сыры
Ұнатып ем жалғыз сені
Мөлдір қара көзіңді
Ұнатып ем жанға бермес
Сұлу нәзік сезімді
Қайырмасы:
Дала қандай болар еді
Арманымдай аңсаған
Ару қандай болар еді
Арманым, арманым
Айтқан сөзің оқ сияқты
Жүрекке түскен шоқ сияқты
Бірақ маған сенсіз өмір
Жоқ сияқты
Кейбір кезде көп сөйлеспей
Кездесуге кейде келмей
Сонда да маған қымбатсың
Махаббат жоқ маған сендей
Қайырмасы.
Кеттің тастап қайда мені
Іздедім ғой мен сені
Айтшы жаным, жазшы маған
Сүйем деген сөзіңді