Өмір үшін қайсыбірің қаламның ұшын сындырдың,
Отырып ап бәрің шеттен мені сынға алып бітірдің.
Сезбеймін тіпті бұл өнердің болашағын,
Бақ қуып, күндес болып ешкімменен таласпадым.
Ал енді сенен сұрарым, рэпті қалай ұғасың,
Поэзия – тым бөлек, басқа сағымды қуасың.
Көрдің бе жоқшылықты, анаңның көз жасын,
Не киемін, не ішем деп қатпайды сенің басың.
Өмір сүрген жерім – бетонды өлі блок,
Отырып еске алып өлтіретін уақыт көп.
Тойғаннан секіргендер тоңғанда тіл қатпады,
Кедейдің бар ойы – аман өткізу аптаны.
Мен бүгін осындамын, ертеңге кепіл жоқ,
Бұлыңғыр болашаққа құрастырған арман көп.
Сүйрелеген арбаңның астына ағаш тығып,
Кешегі Алаштың ұрпағы барады шіріп.
Қаншама дарын сөнді жағдайдың жоқшылығынан,
Қаншама адам өлді құлап әділдік шыңынан.
Халықтың қатесі нән, сескенер сезім жоқ,
Шығып көр мен секілді жоқшылықтан дара боп.
Қ-сы:
Өзгеріске сенген бұл – менің қара GHETTO’м,
Өзіңе керегін ал бұл трэктан.
Көшелер үйреткен белгісіз поэзиям,
Халық мұңын айту бір сөзбен аз, ия.
Ғажайыпқа сенген бұл – менің қара GHETTO’м,
Бұл – сенің қара GHETTO’ң.
Бұл – менің поэзиям, бұл – менің поэзиям.
Мінсіз деп ойлайсың ба төбеде отырған атаңды,
Қарияң дұрыс бере алмас қол жайып сұрар батаңды.
Ханның қызында кемшілік бар екенін ұмытпағын,
Жығылса, қайта тұрар, есіңде болсын адамың.
Қаламайсың балаңның есірткіден бұзылғанын,
Бір қателік өмір бойы бетіңе кеп сызылғанын.
Сондықтан туралағын төріңде тұрған бесікті,
Қатты жаппа деп айтушы еді қайтып кіретін есікті.
Қай есікті қағамыз қиналғанда қатыс теуіп,
Төбедегілер отырса іші пысып, миы кеуіп.
Қазақша қара GHETTO, қарапайым қара халық,
Құрдымға кетіп барады қазақ деген дара халық.
Айта берсең, әңгіме көп, тура жолдан адасқандар,
Көшеде тірі тіршілік өмір сүрген адас жандар.
Рэп деген – ол поэзия, жасап жүріп шатаспаңдар,
Төбемізде – бір шаңырақ, қыран ұшқан бір аспан бар.
Қ-сы:
Өзгеріске сенген бұл – менің қара GHETTO’м,
Өзіңе керегін ал бұл трэктан.
Көшелер үйреткен белгісіз поэзиям,
Халық мұңын айту бір сөзбен аз, ия.
Ғажайыпқа сенген бұл – менің қара GHETTO’м,
Бұл – сенің қара GHETTO’ң.
Бұл – менің поэзиям, бұл – менің поэзиям.