Естен кетпей елес боп тұр әрдайым
Ай нұрынан жаралған құралайым
Оймақ ауыз, күлім көз қаймақ ерін
Аққу мойын тал мүсін жырға дайын
Оймақ ауыз, күлім көз қаймақ ерін
Аққу мойын тал мүсін жырға дайын
Ақ маңдайлы адай қыз
Ай мен күнге балаймыз
Өзіңді ойлап өтті ғой
Талай көктем талай күз
Ақ маңдайлы адай қыз
Ай мен күнге балаймыз
Өзіңді ойлап өтті ғой
Талай көктем талай күз
Кең даланың еркесі елігі едің
Айтшы қалқам сен кімнің серігі едің
Тәтті ұйқымнан түсімнен оятасың
Қор қызындай сен қайдан келіп едің
Тәтті ұйқымнан түсімнен оятасың
Қор қызындай сен қайдан келіп едің
Ақ маңдайлы адай қыз
Ай мен күнге балаймыз
Өзіңді ойлап өтті ғой
Талай көктем талай күз
Ақ маңдайлы адай қыз
Ай мен күнге балаймыз
Өзіңді ойлап өтті ғой
Талай көктем талай күз
Жалғыз қалған жүректі ән қыстауда
Сәлем айттым сені іздеп Маңғыстауға
Табысар шақ өзіңдей ару қызбен
Жақындамай әлі де алыстауда
Табысар шақ өзіңдей ару қызбен
Жақындамай әлі де алыстауда
Ақ маңдайлы адай қыз
Ай мен күнге балаймыз
Өзіңді ойлап өтті ғой
Талай көктем талай күз
Ақ маңдайлы адай қыз
Ай мен күнге балаймыз
Өзіңді ойлап өтті ғой
Талай көктем талай күз
Ақ маңдайлы адай қыз
Ай мен күнге балаймыз
Өзіңді ойлап өтті ғой
Талай көктем талай күз
Өзіңді ойлап өтті ғой
Талай көктем талай күз