Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең.
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп пе?
Апырау, неткен жақсы едің!
Досым аз менің...
Досым-ау мұның, тапшы емін!
Достарыңменен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені!
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,Өзіме өзім мін артып...
Жауыздың барып жанына уәзір болғаннан,
Достардың барып ауласында өлген мың артық
Досым, саған сенемін.
Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген адамның көрігі екен,
Достық деген ақылдың серігі екен