Мариям Жагор деген орыс қызы
Он алты, он жетіге - келген кезі
Қазаққа Дудар деген ғышақ болып
Сондағы Мариямның айтқан сөзі
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!
Қолында Мариямның өткір қайшы
Қағазға Мариям аты жазылсайшы
Қор болып бір жаманға кеткенімше
Алдымнан қазулы көр табылсайшы!
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым
Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір
Басыңа камшат бөрік жарасып түр
Дадур-ай, келер болсаң тезірек кел
Орныңа орыс казак таласып жүр
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!