Жабырқап қалған кездерде
Жанымды менің лезде емде
Көздеріңнің нұрымен.
Мен жайлы жалған сөздерге
Ешқашан сеніп, өзгерме
Сүйсең егер шынымен.
Жалғанда сенерім де, сен сүйенерім, білгейсің.
Арманға мен жетсін десең, мәңгі бірге өзің жүргейсің.
Келші жаныма, енші бағыма,
Берші мағына менің өміріме.
Келші жаныма, келші сағына,
Сенсің тағы да жүрек серігіне.
Дауылдар менен жаңбырда
Жалғыздан-жалғыз қалдырма,
Ойнамашы төзіммен.
Жүрегім жаурап сан қырда
Өкпелем қалсам тағдырға,
Жылыт мені сезіммен.
Өйткені, сен қанатымсың алыстарға самғасам.
(Әнім де сен, сәнім де сен, өмірімнің мәні де сен)
Көктемі көңілдің, жаным, өзің ғана болшы әрқашан.
Келші жаныма, енші бағыма,
Берші мағына менің өміріме.
Келші жаныма, келші сағына,
Сенсің тағы да жүрек серігіне.
Кел жаныма!
Келші жаныма, енші бағыма,
Берші мағына менің өміріме.
Келші жаныма, келші сағына,
Сенсің тағы да жүрек серігіне. [x2]