Қыздар ай
(Әні мен сөзі; Ешнияз сал)
Көп барам деп ауылыңа бұрымдының
Мәлім болып қалдыма сырың бүгін
Қыздар – ай, боз – балай, кемпір – ай, шалдар - ей
Дәурен болды тамаша
Ауылымның сыртынан ән салғанда
Желкілдейсің жан қалқа туырлығың
Қыздар – ай, боз – балай, кемпір – ай, шалдар - ей
Дәурен болды тамаша
Қыз көргенде орнымда тұра алмаймын
Жын қаққандай желіге, жыр арнаймын
Қыздар – ай, боз – балай, кемпір – ай, шалдар - ей
Дәурен болды тамаша
Қутың, қутың еткенше құдай атып
Қырда жатқан бұлдырап қырандаймын
Қыздар – ай, боз – балай, кемпір – ай, шалдар - ей
Дәурен болды тамаша
Құрметтеп халқым отырса ән салайын жаңаша
Домбыра алып жүргеннен соң ән салмайын қалайша
Бір бұрылып ұсынсай, шәйін маған
Болса және бір сыр айт дайындаған
Қыздар – ай, боз – балай, кемпір – ай, шалдар - ей